Previous Page  5 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

7

Мұндай құлдар Аллаһты зікір ету мен таңсәрі ту-

расында өмірлерін ең берекетті түрде өткізеді. Яғни,

әлемдегі зікірұллаһ шеңберінен орын тауып, әсіресе,

ең берекелі зікір уақыты таңсәрі уақытын тиімді пай-

даланады. Таңсәрінің күндіздің кішкене бір үлгісі

екендігін және таңсәрісін ұйқымен өтікізгендердің

шөлге, теңіз не жартасқа жауған берекелі көктем

жаңбырының босқа кеткені сияқты, осы берекет

пен рухани нәрден мақрұм қалатындығын біледі.

Олар осындай ғапылдыққа түспеу үшін де Құран

және тәфәккүр (ойлану) аясынан алшақтамайды.

Сол аяда Аллаһ Тағаланың иләһи сипаттарының бұл

әлемде кәміл түрде көрініс тапқан үш орын бар екен-

дігін біледі. Адам, Құран, Әлем... Осы үш көріністің

ішінде Әлем - тартымды аяттарға толы көрініс пен

сырлар кітабы, иләһи есімдердің ісжүзіндегі керіні-

сі, бейне бір үнсіз Құран... Құран болса, сөзге оран-

ған бір әлем. Ал адам екеуінің дәл ортасындағы

парасаттылықтың көзі және көріністің нышаны. Осы

оймен өмір сүрген арифтер Құран мен тәфәккүр ая-

сында Құран үнемі алда, ілім оның артында екенді-

гін түсінген. Өйткені Құран әлсіз адамның ілімі емес,

осы дүниедегі барлық ілімдердің қағидаларын қоя

отырып, адамдарға берілген Рабтың ілімі. Сонымен

қатар, ғылыми табыстарға себепкер болатын ақылды

жаратушы да Сол. Бұл женінде Құран мен тәфәккүр

хақында мынаны айтуға болады: Зәредей бір шынар

дәнінің құнарлы топырақтың арқасында үлкен бір

ағашқа айналып, сондай айбынға ие болғаны сияқты,

біздегі тәфәккүр мен сезімталдық қабілетінің де

Құраннан нәр алып күшеюінің нәтижесінде сондай

үлы ақиқаттарға жетері хақ. Сондықтан Құранның