Хикмет
баспа үйі
АЛҒЫ СӨЗ
Біздерді иманның қуанышы мен шаттығына
бөлеген Аллаһ Тағалаға мадақ пен мақтаулар!
Адамзаттың
қараңғылықтан
нұрға
шо-
муына дәнекер болған әлемнің мақтанышы
Пайғамбарымызға салауат!
Раббымыздың көмегімен жазған кітабымыздың
мазмұнын қысқаша былай ұсынамыз:
Сынақ үшін келген адам баласы бұл жырақтық
өлкесінен өткен кезде мәңгілік әлемнің есігінен кіре-
ді. Бірақ, ол әлемнің екі есігі бар - біреуі қасіретке,
екіншісі бақытқа апарады. Құлдың қайсы есіктен
кіретіндігін оның бүкіл өмірін қорытындылайтын
Ақтық демі белгілейді. Сондықтан да сол сәтте
бақытқа ашылған есіктен мәңгілік әлеміне самғау
үшін өміріміздің әрбір сәті ақтық демді ойлаумен ке-
мелденген жақсылықпен өтуі керек. Сондықтан бұл
фәни дүние өмірімізде Ақтық демге көңіл бөліп, ояу
әрі сергек болуымыз қажет.
Расында да, ақыреттегі жағдайымыздың қандай
болатындығына байланысты алғашқы белгі Ақтық
демдегі халімізден белгілі болады.Жақсы құл болып,
осы фәни әлеммен қоштасу үшін санаулы өмірімізді
соңғы демге әзірлеу қажет. Яғни, бақытты бір ақырет
өмірі үшін салих амалдармен безенген, тамаша,
5