6
Хикмет
баспа үйі
нүрлы, тыныш та дұрыс бағыттағы дүние өмірі ләзім.
Өмір - кесені толтыратын бір тамшы сияқты. Кеседе-
гі судың тұнық болуы тамшылардың тұнықтығына
байланысты. Кеседен асқан соңғы тамшы бейне бір
ақтық дем сияқты. Хадис шәрифте:
«Адамқалай өмір сүрсе, сол күйде өледі, қалай өлсе,
сол күйде хашр етіледі»
(Мүнәуи, Фәйзүл-Қадир, Шәрхул-Жа-
миус-Сағир, V, 663)
- деп баян етілген.
Ақтық дем, яғни өмір сахнасының соңғы перде-
сі, әр адамның өз ақырын көрсететін, айқын, жарық
айна сияқты. Адам баласы езін нақты түрде ақтық де-
мінде таниды. Нәжіп Фазылдың айтқанындай:
Сол демде перделер ашылып, перделер түседі.
Сондағы мықтылық - Әзірейілге «қош келдің» деп
айта білу.
Сол демде өмірдің есебі жүрегің мен көзіңнің ал-
дына жайылады. Сондықтан да адам баласы үшін
өлім сәтінен асқан ғибратты көрініс жоқ.
Жарық дүниеде басымыздан өткізген ғибадаттар,
қарым-қатынастар мен ахлағымыз және әрбір дем
алған сәтіміз бір сөзбен айтқанда, аклық деміміздің
бағдаршысы іспеттес. Сонымен қатар ақыреттегі
жағдайымыздың осы дүниедегі тілмәші сияқты.
Қияметке дейін жалғасатын қабірдегі өміріміз
дүниедегі жағдайымыз бен амалдарымызға қарай
түрленеді. Өлімді қасірет болудан құтқарып, жеңіске
айналдыра білу, оны қайғы емес, «Той кешіне» ай-
налдыру, өлімнен кейінгі қалаған тұраққа әзірленіп,
өлуді білетіндердің жетістігі.