340
Хикмет
баспа үйі
батудан аман қалса, сырттай қасірет сияқты көрінген
бұл хал, расында, қуанышқа айналады. Кедейлік пен
байлық та солай. Кедей адам халіне шағымданбай,
Аллаһтың тағдырына ризашылық танытса, бұл
ол үшін, бәлкім, мәңгілік байлыққа себеп бола-
ды. Алайда, ол кедей адам осы дүниеде бай болса,
мүмкін, қолындағы мүмкіндіктер менмендігіне әсер
етіп, өзінде бір құдірет бар сияқты сезініп, бәлкім,
ғапылдық пен азғындықпен бұзақылыққа салынып,
мәңгілік бақыттан айырылар еді. Керісінше болуы
да мүмкін. Қысқасы, мүмин басындағы әр жағдайға
жақсы қарап, иләһи тағдыр мен тәртіпке разы бо-
лып, оны мәңгілік табыстың көзі деп санап, сабыр,
шүкіршілікпен, мойынсұнушылықпен өмір сүруге
тырысу керек.
Бір хадис шәрифте былай делінеді:
«Мүминнің
жағдайы,
расында
да,
қызы-
ғушылыққа, таңдануға тұрады. Өйткені, әрбір
халі ол үшін жақсылықтың дәнекері. Мұндай кдси-
ет тек мүминнің бойында ғана бар. Мүмин қуанса,
шүкіршілік етеді, бұл ол үшін жақсылық бола-
ды. Басына пәлекет келсе, сабыр етеді, бұлда ол
үшінжақсылық».
(Муслим, Зүһд, 64)
Тағдырға байланысты осы жерге дейін айтылған
негізгі мәселелерге тереңірек үңілсек, соншалықгы
көп мәселелерге жолығамыз, бұлар кәләм ілімінің
таласына негіз болудан ары бармайды. Сол себеп-
ті Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм),
тағдырға сенумен ғана тоқтауымызды бұйырып, бұл
мәселеде орынсыз таластан тыйған. Тіпті, тағдыр
жайында тартысқан бір топқа жолығып, оларга: