Хикмет
баспа үйі
337
пәлекеттердің алдын алу үшін еіиқандай қажыр та-
нытпау деп түсінуде қате. Тәуекел, жақсылықты
тартып, жаманшылықты жою үшін әртүрлі алғы
шарттарды орындағаннан кейін, нәтижесі туралы
Аллаһ Тағалаға мойынсұнып, оған сыйыну деген сөз.
Әйтпесе себептерге жүгінбей, құр тәуекел ету орын-
сыз болғанындай, бұл шынайы тәуекел үғымына да
қайшы мәселе.
Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) жолаушы жүріп,
Шамға бармақ болғанда жұқпалы ауру шыққанын
естіп, қажетті кеңестің нәтижесінде Шамға бару-
дан бас тартқан. Негізінде, Аллаһ Тағала мен Хазі-
реті Пайғамбардың бұйрығына сай осындай ықтият
сақтау мен алдын алу жайында сахаба Әбу Убәйда
бин Жәррах (радиаллаһу анһу) Хазіреті Омарға
(радиаллаһу анһу):
«Аллаһтыңтағдырынанқаштыңба?»-депсұрайды,
сонда Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) әлгі парасат-
ты, ғалым сахабадан бұндай сұрақ күтпегендіктен:
«Әттең, мұны сенен басқа біреу айтқанда ғой,
ей, Әбу Убәйда! Иә, Аллаһтың тағдырынан сол
Аллаһтың тағдырына қаштық. Не дерсің, сенің
түйелерің болса бір жағы шұрайлы, екіншіжағы
шөлейт бір жерге түссе, сен шұрайлы жерге бақраң,
Аллаһтың тағдырымен баққңн болып, шөлейтжерге
бақсаң, тағыда Аллаһтың тағдырымен баққан
болмайсың ба?»
(Бұхари, Тыб, 30)
- деп жауап берген.
Көргеніміздей,
тағдырдан
қаша
алмаймыз.
Сондықтан пенденің міндеті - апдын алу, қажыр
таныту. Сосын Аллаһтың тағдыр еткен (жазған)
нәтижесіне риза болу.