332
Хикмет
баспа үйі
жаппау керектігін Мәснәуи кітабында былай баян-
дайды:
«Егер саған бір тікен кірген болса, біліп қой, сол
тікенді өзің еккенсің! Егер жұмсақ, таза шүберек
ішінде болсаң, ол да өзіңнің тоқығаның!»
Көздің көру, құлақтың есту қабілеті
шектеулі.Ше-
гінен тыс, ұзақ нәрсені көруі және естуі мүмкін емес.
Сол сияқты қаза мен тағдырды да толық түсінуге
адамның шамасы жетпейді. Өйткені, оқиғаларды се-
беп сылтауларынажүгініп, біліпшешуге тырысамыз.
Оның артындағы хикметті кебінесе түсіне бермейміз.
Сондай-ақ, қаза мен тағдырдың сырын сұраған біреу-
ге Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу):
«Ол тақырып терең бір дария!»
- деген.
Ақылына
сеніп,
сол
дарияда
жүзуге
тырысқандардың көбі не құлдың ешбір еркінің
жоқ екендігін ұстанған «жөбрилер», немесе барлық
жағдайда нақты еркіндік иесі екендігін алға
тартқан «қадөрилер» сияқты, негізсіз иірімдерден
шыға алмайды. Ақыры сол түпсіз, шексіз теңізде
тұншығады.
Сол себепті адам жауапкершілігінің негізін
құрайтын еріктің шегін дүрыс анықтамайынша,
қателікке бой алдырудан қүтыла алмаймыз. Құлды
іс-әрекетінің жаратушысы санап, ерік пен таңдау
құдіретін пүтқа айналдыру сияқты, шектеулі ерікті
жоққа шығарып, адамды өздігінен бір жаратылыс
түрінде қабылдау да дініміздің негізгі қағидаларына
қайшы жәйт. Дүрысы, адамның ерік пен таңдауға ие
болғандығы, бірақ мұның да Аллаһ Тағала тарапы-
нан берілгендігі.