330
Хикмет
баспа үйі
немесе жамандық жөніндегі істерді істеуі не істеме-
уіне байланысты ерік қолдануы «жүзи ирадө» (шек-
теулі ерік) деп аталады. «Күлли ирадө» (шексіз ерік)
тек Хақ Тағалаға тән. Сол себепті құлдар үшін шексіз
еркіндік жоқ. Туу, өлу, өмір уақыты, жынысы, ұлты,
қабілеті сияқты адам араласа алмайтын мәселелер,
нақты (өзгермейтін) тағдырға жатады. Адам баласы
мәжбүр болып бас иген бұл істерге жауапты емес.
Аллаһ Тағала құлдарына берген мүмкіндігіне
қарай оны жауапты етеді. Сондықтан адамның еркі-
нен тыс іске асқан істерде, сый да, жаза да жоқ. Сон-
дай-ақ ораза ұстаған адамның еркінен тыс үмытып
ішіп-жеуі оразаны бұзбайдыжәне сол үшін ешқандай
да жазаға ұшырамайды.
Аллаһ Тағала аят кәримәде
«Аллаһ әр адамға тек
шамасы жететіндей мөлшерде міндет жүктейді...»
,
-
(Бақара сүресі 286)
деп бұйырғандығы бойынша, адам
баласына шамасы жетпейтін нәрсені жүктемеген.
Бірак,, әр адам шамасы жететін нәрсеге жауапты
етілген. Шамасы жете тұрып, қажетті істі орында-
май, кінәні тағдырға арту -адамның ғапылдығы мен
надандығының белгісі. Аллаһ Тағала сынақтағы
және жауапты жаратылыс болғандықтан адамның
нәпсісіне,
пасықтық
пен
тақуалық
бейімін
орналастырған, еркіндіһн екі жаққа да ерікті түрде
қолдануы үшін оған таңдау құқығын ерген. Яғни,
осы фәни дүниеде пендеге белгілі шеңбер ішінде
ғана еркіндік берілген. Бұл баланың әкесінен алған
тиын-тебенін жақсылық пен жамандыққа жұмсауда
ерікгі болғаны сияқты. Міне, осы еркіндік -мәңгілік
бақыттылық немесе пәлекеттің ең маңызды қоры.