Хикмет
баспа үйі
333
Ақыл мен түсінік жетпейтін Мұндай тақырыпта
мойынүсыну арқылы көңіл дүниесінде біраз жол алу
мүмкін болса да, бұл істің сырын нақты түрде шешу
мүмкін емес. Осыны үғынып, шамасын білу, одан
әрісіне қиналмау, нағыз құлшылықтың керегі.
ХазіретіМәуләнә тағдыр сырының ақылмен түсіну
және түсіндірілуінің мүмкін еместігін және осы жа-
сырын болуының негізінде үлкен нығмет екендігін
Мәснәуиінде мына қиссасымен тамаша баяндайды.
«Бір адам Мұсаға (алейһиссәләм) келіп:
«Ей, Кәлимуллаһ! Маған жануарлардың тілін
үйрет! Олардың сөздерін түсініп, халдерінен ғибрат
алайын, Аллаһтың үлылығын түсінейін!»
- деді.
Хазіреті Мүса оған былай деді:
«Сен бұл әуестігіңнен баз кеш, шамаң жетпейтін
нәрсені үйренуге тырыспа! Бір қүмырсқа көлден ша-
масын білмей, артық су ішуге тырысса, түншығып,
жоқ болады. Яғни саған жазылған білімнен артығын
сүрама! Өйткені, мұнда көптеген қауіп бар! Сен
әлемдегі иләһи салтанаттан ақылыңның жет-
кенінше ғибрат алуға тырыс! Жүрегіңді Аллаһқа
бұр! Иләһи көріністердің сырлары таза жүректе
байқалатындығын біл!» Сонда әлгі адам:
«Ең болмаса есіктің алдында жататын үйді
күзететін итпен тауық қорадағы жануарлардың
тілін үйрет!»
- деді.
Не істесе де адамның қалауынан бас тартқыза
алмайтындығын түсінген Мұса (алейһиссәләм)
оның соңғы сүранысын қабылдады. Бірақ: