328
Хикмет
баспа үйі
Әлемде барлық нәрсенің иләһи бір жазмыш бойын-
ша іске асатындығына сену шарт. Тағдыр - иманның
алты шартының ең айқыны болса да, негізінде,
барлығы бір ауыздан қабылдаған шындық. Бұл тура-
сында сенііинен үзақ адамдар да үнемі өз күштерінен
жоғары бір құдіреттің әсерін «маңдайымның жазуы»
деп қарсылықсыз мойындайды. Тіпті, кәпірлердің
«басыма бақ қонды», «бағым тайды» түріндегі сез-
дері барлық адамдардың ауыспалы түрде болса да,
ой-санасымен тағдыр ақиқатын мойындайтындығын
көрсетеді.
Нежип Фазылдың бір әңгімесінен алынган мына
сөздер беймәлім тағдыр ақиқатының ойланған адамға
өзін қалай мойындататындығын тамаша көрсетеді:
«...Мысалы, бір күні Еминөні алаңында бір ма-
шина бір адамды басып кетеді. Оқиғаға дейінгі он
минут уақытқа қарайық. Адам, мысалы, Гүлхане
саяжайының алдында. Машина болса Таксим деген
жақтан келе жатыр. Көріністі байқап тұрсыз ба?
Келе жатыр! Мың көліктің ішінде бір машина және
жүз мың адамның ішінде бір адам. Адам соғылам де-
генді білмейді, машина соғам дегенді білмейді... Еке-
уі де көптеген кездейсоқтықтармен (!!!) ештеңеден
бейхабар бір-біріне қарай жақындайды. Мысалы,
ол адам бір дүкеннің алдында тұрады. Бір қорап
сіріңке алады. Бір-екі қадам басады. Бір танысымен
сөйлеседі. Бір дүкеннің әйнек сөресін тамашалай-
ды. Осы бейкүнә әрекеттердің де бірнеше минуттан
кейін болатын қайғылы оқиғаға қатысы бар. Осы
болған нәрселер бір-біріне құпия түрде жалғасып,
ақыры сол қайғылы сәтті тудырады. Ол сәт келіп өте
қарапайым соңғы себепке тіреледі. Бір абайсыздық,