Previous Page  246 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 246 / 256 Next Page
Page Background

246

Аллаға мадақ

Ай, Күнді, Жерді есеппен айналдырып,

Арқаусыз бір-біріне байландырып.

Жаратты күллі Әлемді күмән, мінсіз,

Адамзат, ғаламзатты қайран қылып!

Түрлі апат, жіберетін тосын жайтын,

Құдірет күшке ие-Ол, осындай тым.

Қиырда қос теңіз бар, ащы, тұщы,

Сулары бір-біріне еш қосылмайтын.

Шебердің шеберлігін жаздым, әрі:

Мезгілді-күз, қыс, көктем, жаз қылады.

Ананың құрсағында-ақ нәрестенің,

Тағдырын Періштемен жаздырады.

Басына бар байлықты үйіп, төгіп,

Біреуді сынау үшін мәз қылады.

Тақ-тұқ қып, тарықтырып енді бірін,

Ризық, несібесін аз қылады.

Бәрі-сын, құдіреті күшті-Құдай,

Қаласа «тақуа» да, «таз» қылады.

Тірлікте тату, қату жүргіздіріп,

Көріңді бір-біріңе қаздырады...

Шайтанға ерік беріп қойғаны рас,

Әзәзіл әркімдерді-ақ аздырады.

Адасып, Ібіліске ергендерін,

Қиямет күні жиып, жазғырады...

«Сүттен ақ, судан таза...» - демесек те,

Арқалап жүргеміз жоқ аз күнәні.

Тамшыдан түзіп бізді мүсіндеген,

Жаратқан бар екенін түсін, -дер ем.