Previous Page  245 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 245 / 256 Next Page
Page Background

245

Толымбеков Дастан Наурызбайұлы

Алматы облысы, Алмалы ауылы.

Шеберді шебер дегенше ...

Ассалаумағалейкум, мұсылмандар!

Жырларын мүшәйраға ұсынғандар.

Беймәлім алты Алаштың арасында,

Тамсантып, талайларды ысылған бар.

Сахна төріндегі сан саңлақты,

Салмақты жырларымен ысырған бар.

Ат қосқан аламанға атбегідей,

Артында суып, күйіп, ысынған бар.

Сөз салса, ауызға Алла абыройлы,

Қоя бер, аттың басын, қысылмаңдар.

Ассалаумағалейкум мұсылмандар!

* * *

Жаратып алты күнде Аспан, Жерді.

Бекемдеп тау, тасымен асқар белді.

Құт қойып асты-үстіне қара жердің,

Қойнына толтырды асыл тастан-кенді.

Бұлт анау, аспандағы қара бауыр,

Нөсерін төгуге алып барады ауыр.

Шаң басқан шартарапты шомылдырып,

Міндетін мінсіз өтеп қалады-ау бір.

Жауыны көгертетін көкті кілең,

Жаратқан жеті қат қып-Көкті, білем.

Топан су жүргіздірді Нұх еліне,

Күнәһар, шектен шыққан-көптігінен.