240
Қадірсізова Аида,
Е.Сыпатаев атындағы орта
мектептің 10-сынып оқушысы,
Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Еңбекші ауылы.
Әз Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с)
Адамсың ба?
Жаралған соң адам боп,
Бұл тірлікте кездесетін қамал көп.
Көркем мінез - көркің, таза айнасы,
Пайғамбардан жеткен екен адал боп.
Жер дүние ілтипаты өзіңе,
Пайғамбары адамзаттың, тегінде.
Көркемнің көркемдігі, сүйікті,
Ұлпадай жұмсақ, ғибратқа толы өмірде.
Қиыншылық, қиын кездер өткерген,
Адамзатқа тура жолды көрсеткен.
Әз Пайғамбар Мұхаммед ардақты ғой,
Бар ғаламды хадисімен тербеткен.
Бейбітшілік бастамасы өзіңнен,
Бет-жүзіңде иман нұры төгілген.
Мұхаммед Пайғамбар - дара тұлға,
Бар ғұмыры насихатпен өрілген.
Жомарттық, Шыншылдық, Әділдік,
Тазалық, Адалдық, Ізгілік –
Тұла бойы адамдық қасиет,
Еш пендеде кездеспейтін мінезі бар мәңгілік.