238
Егізбаев Еркебұлан Нұрланұлы,
ОҚО, Ордабасы ауданы.
Көркеммінез
–
көркіміз
«Бисмиләдан» бастайын өлеңімді,
Оятып бойымдағы өнерімді.
Ұлықтап бір Алланы зікір етіп,
Салауатпен ашайын мен жырымды.
Көркем мінез мұсылманға тән көркі,
Ашатын жан әлемін, жүрек кілті.
Құлақ салсаң өсиетке жырланған,
Иншаллах, бойға түздің көркемдікті.
Қорыққайсың қайда жүрсең Бір Алладан,
Орындап бар парызды Құран жазған.
Мінезіңе көркемдікті жіпше өріп,
Болғайсың үлгі болар пәк жандардан.
Келгеннен соң бұл өмірге адам болып,
Жүрмегін, сен, жат пиғылды надан болып.
Сен түсінгін жаратылыс мақсатыңды,
Қалмасын еріншектік панаң болып.
Мақсат қой, ілгері ұмтыл, басқын алға,
Қолдайды игі істерді Рақымды Алла.
Үлес қос туған елге, отбасыңа,
Ешкімді, ешқашан да бөліп жарма.
Құрметте ата анаңды бөлеп нұрға,
Олардың бар үміті сен ғой, тыңда.
Бақытты етсең, сол жандарды бұл өмірде,
Бөлейді мейріміне Хақ бір Алла.