Previous Page  233 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 233 / 256 Next Page
Page Background

233

Таңдаулы діни өлеңдер

Зіркілдеп ұрсып жүрсің бе, әлі оларға

Ашудың торы құрыққа ойды тез іліп?

Достарың сені түсінбей жүр ме болмағыр...

Сатты ма, әлде, жұқпасын біліп қолға кір.

Бастығың тағы миыңның етін жеді ме,

Сабырдың қалған сырқынын ішіп... ол да бір...

Қара ма, ақ па, сары ма, қоңыр, ақшыл ма –

Адамның бәрін жек көріп бара жатсың ба?

Жаныңа келіп жиылған сынды пенделер –

Тап сені талап жеу үшін алған тапсырма.

Ұйқыңда мүлде маза жоқ, білем, тап қазір,

Жүйкеңнің жібі үзілердей боп шаққа жүр.

Жүрегің мүлде тыныштық таба алмастай

Тұрса да келіп, қасыңда бақ та, тақ та әзір.

Қанағат, тойым, ынсаптың бәрі алыс па?

Қорқақтың құтын қашырар қурай, қамыс та.

Тәуекел етіп, тәубенің қақпай есігін

Жүрсің бе әлі түсем деп жоқпен жарысқа?

Буалдыр заман, бұлдыр-ау, бәрі, бұлдыр-ау...

Қинай ма тағдыр талайға салып қылбұрау...

«Түбі бір өлім, тірліктің бәрі опасыз,

Әр сәтім – еңіс, әр күнім – шексіз құлдырау...» –

Өмірдің мәні жоғалса, тәнің – құр сүлде...

Құр сүлдеріңді сүйрете алмай жүрсің бе?

Тұмшалап тастап жаныңның жетім шырылын,

Тәніңді сосын билете алмай жүрсің бе?