230
Аллаға мадақ
Жаратушы тек Аллаһ,
Шебердің ең шебері.
Аман қалды, Нұх қауым,
Су тасқыны көшкін де.
Қызғалдақтың бояуын
Таппайды әлі ешккім де.
Аллаһқа шебер таңым бар,
Паш еттім ісін мен Оның.
Қолынан келсе ғалымдар,
Жаратсын, кәне, бір шыбын.
Барлық істі бұл өткен,
Құдіретің қылғандай.
Қаны бар ет емшектен,
Сүт шығып тұр былғанбай.
Мақұлық білер ойына ап,
Өзіңсіз шипа ем келмес.
Әлем түгел мойындап,
Шеберсің Аллаһ тең келмес.
Біздерде әл жоқ, күш деген,
Сыйынсақ Аллаһ демерсің.
Әлемді ғажап істеген,
Өзің ғана шеберсің.
Судағы балық бұйырса,
Несібесін жеп жатыр.
Нұр боп жаңбыр құйылса,
Астымда байлық, кен жатыр.