225
Марат Бақыштегі,
Алматы қаласы.
Аллағажалбарыну.
Құдыретіңе бір АЛЛА құлдық ұрам
Құтқар бізді нәпсінің құлдығынан
Пендеңізге ақыл мен сабырлық бер
Қорға және тозақтың сұмдығынан
Жаратушым, тек өзің, иланамын
Ібілістің есірген тыи, талабын
Адасқанды сала гөр тура жолға
Істете гөр істердің тек адалын
Өткен іске әрқашан салауат бер
Төккендерге байлық бер, ғаламат тер
Сабасына түсіргей, тасқандарды
Патшаларға әділдік, қанағат бер
Момындарды от беріп, жігерлендір
Есерсоққа сал ноқта, жүген-кендір
Адамдарға сәждеге басын иген
Бойларына сіңіргей, білім мен нұр
Тас жүрекке мейірім, махаббат бер
Аш көңілге көл-көсір шапағат бер
Азғындардың, арамза, арсыздардың
Жолын кесіп, жұдырық, шапалақ бер
Өзің ғана бір АЛЛА жаратушым
Ішкізе гөр пендеңе таза сусын
Келіндерім қылықты қыз өсіріп
Иманы мол ақылды бала тусын