223
Құрбан қажы Ыбрайұлы,
ОҚО, Темірлан селосы.
Көркеммінез – көркіміз
Көркем мінез келтірер жігіт сәнін,
Сұлулық жоғалтады онсыз мәнін.
Өзіңе үлгі етіп ал Пайғамбардың
Мінезін, өнегесін – бәрін-бәрін .
Өмірден өтірікті айтпай өткен,
Жоғары қоймаған еш, өзін көптен.
Адалдық, тазалығы, әділдігі,
Үлгі боп сол заманнан бізге жеткен.
Сөз берсе тұра білген уәдесінде,
Болмаған Пайғамбардай ешбір пенде.
Адамы сөз байласқан келмей қалып,
Тұрыпты үш күн күтіп, сол бір жерде.
Өмірін өткізіпті қанағатта,
Қиянат жасамаған аманатқа.
Мал-мүлкін Расулға тапсыратын,
Жол жүрсе Мекке халқы ұзақ жаққа.
Кешіргіш, кең пейілі аңыз болған,
Сол кезден бұл әңгіме бізге қалған.
Бір әйел күнде тікен шашады кеп,
Хақ Елші жүретұғын жалғыз жолға.
Жаралы боп қалатын аяғынан,
Шөңгені ап тастайтын табанынан.
Бір күні сол тікендер шашылмай қап,
Іздепті, сол әйелді маңайынан.
Ауырып сөйтсе әйел қалған екен
Расул көңілін сұрап барған екен
«Кешіріңіз – деп жылап жіберіпті, –
Шайтанның қол шоқпары болғам екен».