Previous Page  229 / 256 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 229 / 256 Next Page
Page Background

229

Таңдаулы діни өлеңдер

Еркінбіз. Болмай қысымың,

Әмірің ғана күштеп тұр.

Тоқтатпай өз жұмысын,

Ішім – завод, істеп тұр.

Ішкі дүнием лап қойып,

Бұйрығыңды ұғады.

Керектері қап қойып,

Артықтары шығады.

Шүкір-деп берген несіпке,

Қолымда Құран қалады.

Құлшылық ет деп, мешітке

Аяғым алып барады.

Денемде жан бар қимайтын,

Кереметтер толып тұр.

Ғажайып миға симайтын,

Құдіретіңмен болып тұр.

Арайлап атса ала таң,

Іске кірісті құмырсқа.

Шығып тұр тірі балапан,

Жансыз жатыр жұмыртқа.

Гүлдерді көрсек біз келіп,

Жер бетіне сән берген.

Күзде қурап , қыс өліп,

Көктемде оған жан берген.

Мінәжат етіп бір ғана,

Құлыңның ең сенері.