235
Оспан Жандос
Нұр-Мүбәрәк Египет ислам
мәдениеті университеті
Дінтану 3-курс.
Мінсізшебер Аллаһым
Қалам алдым ағаштан мен жонылған,
Күрең түсті сиясы оның қоңырдан.
Ақ қағазды арқау етіп астынан,
Дүрсілдеген жүрегімнің соққысы да тосыннан.
Әрбір нәрсе паш етеді шеберлігін Аллаһтың,
Шеберлігін жырға қосқан әлсіз жанды қаңбақпын.
Айтатындай қызыл тілдің құдіреті жетпейді,
Сондадағы жүрек байғұс солай қарай беттейді.
Аллаһтың шеберлігін таңдай қағып қараймыз,
Шеберлігің тануменен шөлі қанған жандаймыз.
Күңіренген күрең күзде сәуле берген күн нұры,
Аллаһтың ғой шеберлігі шеберліктің ең ұлы.
Мұхит, теңіз, көл мен өзен сия қылсан ағатын,
Ормандағы барша ағашты қалам қылсаң жазатын.
Жайма шуақ жазық жерді парақ етіп тағатын,
Шеберлігін жаза алмаспыз сабырменен бағатын.
Жоқ нәрсені бар ететін әлемнің Ол Тәңірі,
Бар нәрсені жоқ қылатын Аллаһтың ғой әмірі.
«Кун фа якун» десе болды, жаратушы Жаппар,
Мадақтардың ең ұлысы «Аллаһу акбар».