236
Аллаға мадақ
Дүниеге келмей тұрып бізбен бірге Кім болды?
Қалай ғана бір тамшыдан кемелдікке толды.
Мінсіз мүше, сұлу сымбат бойымызға Кім берді?
Аллаһымның шеберлігін жүрек көзі көрді.
Қатпар-қатпар тарамдалған қарашы сен дүниеге,
Сенде шүкір етесің ғой шебер болған Иеңе.
Таумен-тасын, жан-жануар, өсімдікпен адамын,
Бәрі-бәрі көз тоярлық шеберлігі Аллаһтың.
Шыр етіп біз бес күн жалған дүниені ашқанда,
Қос аяқтап қара жерді басқанда.
Өмір атты тіршіліктің кілтін кімдер алды,
Аллаһ шебер мінсіздікпен көкірекке салды.
Жазу-сызу, оқуды біз білместен,
Ең алғашқы ұстазды да көрместен.
Атап айттық заттарды біз кез келген,
Аллаһ мұңсыз сол сөздерді берген.
Баршасының ішінде ол шеберлігі ең кемел,
Аллаһ шебер, жан жоқ оған тең келер.
Шеберлігің көзбен көріп адам естен танатын,
Жарата алмас барша адамзат шыбынның да қанатын.
Түрлі-түсті безендіріп бояулармен салынған,
Аты Оның барша адамға танылған.
Суретшіге таңқаламыз суретін көпке таратқан,
Айтшы достым сол суреттің негізін кім жаратқан.
Тұнып тұрған табиғатқа таңданамыз таласа,
Жапырақта жерге түспес Аллаһ егер қаласа.