237
Таңдаулы діни өлеңдер
Сан алуан шырындалған жеміс жерден шығады,
Аллаһымның шеберлігін көкірек көзі ұғады.
Қар жамылған тұла бойы асқар тау,
Жасыл майса көмкерілген асыл бау.
Қар жаудырып қыс мезгілге сән берген,
Шебер жоқ қой Аллаһыма тең келген.
Тамшылары қосылмастан жаңбыр жерге жауады,
Күн мен айда қозғалуымен өз орнынан ауады.
Бір-біріне ұқсамайтын қарлар жерді жабады,
Бұның сыры неде жатыр, жауабын кім табады.
Ал ендеше айтып-айтпай не керек,
Шеберлікті танитындай ой зерек.
Тән емес қой шебер сөзі адамға,
Арнаймын мен шебер сөзін Аллаға.