234
Аллаға мадақ
Үрейің ұшып, құлақ сап әлсіз дүрсілге,
Кәрілік қинап, өлімнен қорқып жүрсің бе?
Санаңда сайран сап жүрген сансыз сайтандар
Сан үміт сыйлап, сеніммен жортып жүрсің бе?..
...Реңін көрмей, тірегін таппай тірліктің,
Өмірден талай түңіліп өткен «кіл мықтың»
Дүниеге құл боп, құрдымға патша болды олар
Рахатын білмей, Шындықтың, Соған құлдықтың.
Ендеше, досым, дауаңды білем сенің мен.
«Алладан басқа Тәңір жоқ» деп айт сеніммен.
«Мұхаммед Оның елшісі» деші куә боп,
Раббыңның нұры төгіліп түссін көгіңнен.
Құранмен келген рухани астан татып ас,
Тыныштық тапшы, рухың қалса ақыр аш.
Періштелерге кіршіксіз оймен сенші енді
Қауырсынының қылпығына да татымас.
Ақырет күнін ойласаң, өмір түк емес,
Көзіңді ашып, жұмғанша, өтер бір елес.
Алладан болса, жақсылық пенен жамандық,
Ауызбен ешкім аспанның астын тіремес.
Жүрші енді, досым, имани, ғажап күйге енсең,
Құраннан бір жол болса да, бастап үйрен сен.
Бір сәтте ғана өмірді сүйіп кетесің,
Сәждеге басың тиген соң...