228
Мейірбек Сопыбекұлы Әт-Түркістани.
Алматы қаласы,
Алатау ауданы,
«Өжет» кенті.
Шеберді шебер дегенше,
Аллаһтышебер десейші
Құдіретіңді біліп ал,
Сабырлық еттім. Саспайын,
Өзіңді Аллаһ ұлықтап,
«Бисмилләһ» деп бастайын.
Түйір еттен о ғажап,
Жасадың менің көзімді.
Шеберлікпен тіл жасап,
Ұлықтап тұр Өзіңді.
Дозақтағы сақтандым,
Отқа оранған камшыдан.
Шүкір еттім. Мақтандым,
Жаралып жалғыз тамшыдан.
Басымда ми, санам бар,
Тамырмен қаным таралды.
Он сегіз мың ғаламшар,
Алты күнде жаралды.
Топырақтан жасадың,
Жан беріп Адам, Хауаны.
Шеберлікпен аса тым,
Жасадың қалай ауаны.