Previous Page  44 / 104 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 104 Next Page
Page Background

44

Ізгі амалдар жасауға асығу

«بَادِرُوا بِالَْعْمَالِ الصّالِحَةِ، فَسَتَكُونُ فِتَنٌ كَقِطَعِ اللّيْلِ الْمُظْلِمِ

يُصْبِحُ الرّجُلُ مُؤْمِنًا وَيُمْس۪ي كَافِرًا، وَيُمْس۪ي مُؤْمِنًا وَيُصْبِحُ

كَافِرًا، يَب۪يعُ د۪ينَهُ بِعَرَضٍ مِنَ الدّنْيَا»

Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар.

Өйткені жақын келешекте жер бетінде

тастай қараңғытүн секілді көптеген бүліктер

белең алады. Сол кезде адам таңертең

мүмін болса, кешке қарай кәпір

*

, кешке кәпір,

таңертең мүмін болып тұрақсыз күй кешеді.

Ойланбастан дүниелік нәрсеге бола дінін са-

тады.

(Муслим)

*

Бұл хадистегі кәпір сөзі – діннен безген шынайы кәпір немесе

Аллаһтың берген нығметтеріне алғыс айтпайтын арсыз

мағынасында.