Previous Page  47 / 116 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 116 Next Page
Page Background

47

Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары

Өзіңе бойұсынғанға алғыс білдіресің

(сауапқа кенелтесің), әміріңе қарсы келгенді

кешіресің. Бар нәрсеге ең жақын куә әрі

ең жақын қорғаушы да бір Өзіңсің. Нәпсі

атаулының (қалауларының) алдын алып, бар-

ша жаратылыстың тізгінін өз қолыңда ұстап,

құлдарыңның істерін жіпке тізіп жазып,

ажалдарының келетін мерзімін де белгілеп, жа-

зып қойдың.

Жүректер бар сырын бір Өзіңе ғана ашады.

Басқалар үшін құпия жайттар Саған ап-айқын.

Сенің халал деп үкім қылғаның – халал, ха-

рам деп үкім қылғаның – харам. Дін – Сенің

бекіткен шариғатың. Әмір – Сенің шығарған

үкімің. Күллі жаратылыс – Сенің жаратқаның.

Пенде атаулының бәрі Сенің құлдарың. Сен –

аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһсың!

Көктер мен жерді шуаққа бөлеген

Дидарыңның (Өзіңнің) нұры құрметіне, Өзіңе

тиесілі әрбір ақының құрметіне және бір

Өзіңнен мұң-мұқтажын сұраушы құлдарыңның

құрметіне осы таңда һәм осы кеште мені

кешуіңді әрі шексіз құдіретіңмен тозақ отынан

сақтауыңды сұраймын!