72
Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары
Мағынасы:
Аллаһ – мінсіз, кемшілік атаулыдан ада!
Бар мадақ пен шексіз шүкір бір Аллаһқа тән.
Аллаһтан басқа тәңір жоқ! Аллаһ ұлы!
Ерекшелігі:
Үмму Һани (р.а.) былай деген: «Бір күні
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
менің
хал-жағдайымды сұрай келгенде мен: Уа,
Аллаһтың елшісі! Мен қартайдым. Маған
отырған қалпымда істей алатын бір іс
айтсаңыз жақсы болар еді, – деп өтіндім.
Сонда Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
маған: Жүз рет “Субханаллаһ”, – деп айт.
Расында, бұл Исмайыл ұрпақтарының ара-
сынан жүз құл азат еткенмен тең. Жүз рет
“Әлхамдулилләһ”, – деп айт. Өйткені, бұл ер-
тұрманы сақадай сай жүз сәйгүлікпен Аллаһ
жолында күрескенмен тең. Жүз рет “Аллаһу
әкбар”, – деп айт. Өйткені бұл құрбандыққа
атаған жүз түйеңе тең. Жүз рет “Лә иләәһә
иллаллаһ”, – деп айт. Расында, бұл сөздің сау-
абы жер мен көктің арасын толтырады. Осы-
ны орындасаң, сол күні бірде-бір адам сенің
осы ісіңнен артық игі іс жасай алмайды. Тек,
сен секілді істеген адам ғана саған жете ала-
ды, − деп айтты».
(Ахмәд ибн Ханбәл, Муснәду әл-ансар 25675)