71
Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары
Ерекшелігі:
Әбу Хұрайра (р.а.) жеткізген бір хадисте
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Кімде-
кім әр таңда жүз рет осы дұғаны оқыса,
Қиямет күні ешбір жан оның әкелгенінен де
қымбат нәрсе (мол сауап) әкелмейді», − деген.
Сондай-ақ, Бұхари, Муслим, Тирмизи және
Нәсәйдің жеткізген хадистерінде: «Кімде-кім
күніне жүз рет “Сүбханаллаһи уә бихамдиһи”,
– деп айтса, күнәлары теңіздердің көбігіндей
көп болса да кешіріледі», − делінген. Бұларға
қосымша осы зікірге қатысты Бұхари мен
Муслимнің сахих хадистер жинағындағы бір
хадисте Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
: «Тілге жеңіл, таразыда ауыр баса-
тын һәм Рахманға сүйікті болған екі сөз –
“Субхан-Аллаһи уә бихамдиһи, субхан-Аллаһил-
‘аз
ыийм”, – деген.
(Сунәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4427)
أَ كْبَرُ.
� ُ
إ ِلاّ اللّهُ، اَللّه
� َ
إ ِلٰه
� َ
سُبْحَانَ اللّهِ، اَلْحَمْدُ للّهِ، لا
Оқылуы:
Субхаан-Аллаһи, әлхамду лилләһи, лә
иләәһә иллаллаһу, Аллаһу әкбар.