69
Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары
Ерекшелігі:
Ең сенімді хадис кітаптарында кездесетін
бұл дұғаны бізге атақты сахаба Абдуллаһ
ибн Омар (р.а.) жеткізген. Ол: «Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бұл дұғаны міндетті
түрде, күн сайын таңертең және кеш-
ке үзбей оқитын еді», − деген. Сонымен
қатар, Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен бір
хадисте, сахабалардың бірі: «Ең абзал
дұға қандай?», − деп сұрағанда, Пайғам-
барымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оған:
«Аллаһтан дүниеде және ақыретте кешірім
мен есендік сұраған дұға», − деп жауап бер-
ген. Әлгі адам осы сұрағын үш рет қайталап
сұраса да, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
дәл осы жауабынан танбаған. Сөйтіп,
сөзінің соңында: «Дүниеде және ақыретте
күнәларың кешіріліп, есендік берілсе, нағыз
бақытқа бөленгенің» − деген.
Осыған байланысты Тирмизидің «Сунән»
атты хадис жинағындағы бір хадисте хазірет
Аббас (р.а.) өзінің қартайып ажалының
жақындағанын айтып, Пайғамбарымыздан
Аллаһтағаланың құзырында сауабымол болған
бір дұға үйретуін қайта-қайта өтінеді. Сонда
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оған:
«Аллаһтан дүниеде және ақыретте есендік