Previous Page  66 / 116 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 116 Next Page
Page Background

66

Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары

Оқылуы:

Ас

бахнә уә ас

бахәл-мульку лилләһи Раббил-

‘аләмиин. Аллаһуммә инни әс'әлукә хайра

һәз

әл-иәуми фәтхаһу уә нас

раһу уә нуураһу

уә бәракәтәһу уә һудәәһу уә ә‘ууз

у бикә мин

шәрри мә фииһи уә шәрри мә ба‘дәһу.

Мағынасы:

Біз де, бар билік те әлемдердің Раббысы

Аллаһтың иелігінде болған күйде таң атырдық.

Уа, Раббым! Сенен осы күннің жақсылығын

– жеңісін, жәрдемін, нұрын, берекесін және

тура жолын сұраймын. Сондай-ақ, осы күннің

және осыдан кейінгі күндердің жамандығынан

сақтай гөр деп бір Өзіңнен пана тілеймін!

Ерекшелігі:

Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис

жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сахабаларына:

«Араларыңнан кімде-кім аман-есен таң атыр-

са, міндетті түрде осы дұғаны оқысын. Кеш

батқанда да (дұғадағы таң сөзінің орнына кеш

деп) міндетті түрде оқысын», − деп айтқаны

жеткізілген.

(Сунәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4421)