209
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
бутшылар ислам атынан таратқан әдебиеттерді
де (кітапшалар, парақшалар)мұсылманәлемінің
танымал ғұламалары мен діндарлары мойындам-
мады.
Тек «Әл-Мавсуату әл-муяссара фи-л-адия-
ян....» кітабындағы шариғатқа қайшы келетін
бірнеше тұстарын атап көрсетейік:
•
Қабір азабын теріске шығаруы;
•
Жалаңаш бейнелерді, суреттерді (порног-
графия) көруге рұқсат етуі;
•
Солтүстік полюстегі адамдардың намаз
оқымауына, ораза ұстамауына болады деуі;
•
Мұсылман еместер (кәпір) мен әйелдерді
аталмыш партияға мүшелікке қабылдайтыны;
•
Мұсылман емес кісінің мұсылман елін
басқара алады деуі және т.с.с..
«Хизбут-Тахрир әл-Ислами» партиясы
мұсылмандар арасына жік салуда. Өкінішке
орай кейбір жастарымыз мәселенің мән-жайына
бармастан теріс уағызға көзсіз көбелектей ілесіп
олардың қатарына қалай қосылып қалғанын да
аңғармай жүр. Қазақстан халқының көпшілігі
мұсылмандар (70 пайыз) екеніне қарамастан
олар жұртымызды «кәпірлер елі» деп атайды.
Жоғарыда аталған деректерге сүйеніп «Хизбут-
Тахрирді» Исламды бет перде етіп, халифатты
аңсаушы саяси партия деуге толық негіз бар.