Previous Page  210 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 210 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

210

Әз пайғамбарымыз (с.ғ.с.) халифат турал-

лы: «Мен дүниеден өткеннен кейін халифат

30 жылға созылады, содан соң әмірлік пен

патшалық басталады»,-деген. (Имам Тирмизи

мен Имам Ахмад ибн Ханбал риуаят еткен).

Хадис шәріпте: «халифатты құру Исламның

басты мақсаты емес»,-деп атап көрсетілген.

Осындай хадистердің бірін Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.) Қасиетті Меккеде исламды насихаттап

жүргенде мүшіріктер Әбу Тәліпке келіп: «Ей,

Әбу Тәліп, бауырың Мұхаммедке айт, біздің

құдайларымызды қорламасын, егер байлық пен

билік қаласа, біз оған ондай мүмкіншілікті бер-

реміз»,-дейді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Маған байлық та, билік те керек емес. Тіпті,

менің оң қолыма күнді, ал сол қолыма айды

берсе-дағы мен өзімнің жалғыз Аллаһқа деген

уағыз-насихатымнан бас тартпаймын»,- деген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ислам мемлекеті мен

билікті немесе халифат құру туралы емес, тек

бір Аллаға иман келтіріп, шариғат заңдарын

сақтау қажеттігін айтты. Мұнан көрініп

тұрғанындай «Хизбут-Тахрир» партиясының

мақсаты Исламға кереғар, бұл ұйым қандай

жолмен болса да билікке жетуді көздейді.

Баршаға белгілі Ислам діні бір Аллаға сенуге

және ынтымақ пен бірлікке шақырады. Құран