ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
212
Алла Тағала баршамызды өзінің хақ жол-
лына салғай! Түрлі бәле-жала, қауіп-қатер,
кесепаттан, ақырзаман бүлігінен сақтағай.
Халқымыздың ынтымағы мен бірлігі артып,
еліміз күннен-күнге гүлдене бергей! Әмин!
Баһайия
Баһайия ағымының мүшелері өздерін
мұсылман санағанымен, ол ислам дініне жат
діни ағым. Ағым өз қозғалысын 1844 жылы
«Бабия» деген атпен бастап, кейін келе Баһайия
атына өзгерген.
Бұл ағымға 1819 жылы Иранның Шераз
қаласында туылған Мырза Али Мұхаммед
Риза Шеразий негіз салған. Ол өзін «баб», яғни
барлық нәрсенің есігі деп атаған. Содан Мырз-
за Али Мұхаммед Риза, яғни «баб» дүниеден
өткенше, бұл әрекет бабия деп аталды. Сос-
сын басшылыққа Мырза Хусейн Али келді.
Ол өзіне «баһа» деген ат қояды. Кейін «бабия»
«баһайия» деп атала бастайды. Мырза Хусейн
Али «Әл-Ақдас» деген кітаптың авторы. Ол кіт-
тапта оның жаңа дінінің негізгі сенім-нанымдар-
ры баяндалған. Баһа 1892 жылы дүние салады.
Баһайияның негізін қалаған Мырза Али
Мұхаммед Риза Шеразий, яғни «баб» және
оның халифасы Мырза Хусейн Али Баһадан