3
Алғы сөз
Имандылыққа қайта бет бұрғалы бері халқымыздың
ислами еңбектерге деген сұранысы күн өткен сайын
артып келеді. Оны елдің бүгінгі Ислам дінін танып-
білуге деген талпынысынан анық көріп отырмыз. Сол
талпынысқа демеу болсын деген ниетпен 2003 жылы
«Ислам ғылымхалы» атты кітап жарық көрген болатын.
Алайда, кітап 5000 данамен шықса да, бірер жылда-
ақ түгелдей тарап үлгерген еді. Сіздерге ұсынылып
отырған бұл кітап − оқырман қауымның қызу қолдауы
мен сұранысының арқасында шығып отырған үшінші
басылым.
Бұл – Ислам дінінің жыл өткен сайын халық
жүрегінен тереңірек орын алып келе жатқандығы мен
қазақ қоғамының мұсылманшылық пен имандылыққа
деген шынайы бетбұрысының анық көрінісі.
Ислам дінін жан-жақты тану, оның үкімдерінің жай-
жапсары мен құлшылықтарының жөн-жосығына қанығу,
мұсылманға тиесілі бес парыздың шариғат заңы бойын-
ша қалай дұрыс атқарылатындығын білу тұрғысынан
«Ислам ғылымхалы» - уақыт талабы мен оқырман
талғамына сай өте сәтті шыққан еңбек.
Бұған қоса, кітапта Ислам дінінің маңызы,
мәзһабтардың шығу себептері, тазалық пен дәрет-
ғұсылдың жөн-жоралғысы, намаз, ораза, зекет, қажылық,
құрбаншалу, аң аулаудың орындалу тәртібі меншарттары
да кең көлемде ұғынықты етіп берілген. Сондай-ақ парыз,
уәжіп, сүннет секілді діни үкімдердің түсініктемелеріне