Previous Page  7 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 520 Next Page
Page Background

7

Кіріспе

Күллі мадақ пен мақтау жеті қабат әлемді жоқтан

жаратқан әуелі мен ақыры болмаған Ұлы Жаратушы

Жаппар Ие Аллаһ Тағалаға тән!

Адамзатты қараңғы қапастан құтқарып, мәңгілік

бақытқа жеткізу үшін, рақым етіп жіберілген адамзаттың

ардақ тұтар тұлғасы, мұсылмандардың көзінің нұры,

жаратылыстың гүлзары, екі жаһанның асыл тәжі, ақырғы

пайғамбар хазіреті Мұхаммедке сәлем жолдап, мың сан

салауат айтамыз!

Аллаһ Тағаланың шарапатымен Қазақстан

тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы дініміз де

бостандық көгінде самғай ұшып, нұр шуақты рухани

көктем де қайта оралды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

қолдауымен аз уақыт ішінде халқымыздың рухани

дүниесін байыту жолында көптеген елеулі кітаптар жа-

зылып, қызметтер атқарылуда.

Исламның негізгі парыздарын қамтыған осы кітап

та, сол діни басқарманың тапсырмасы бойынша жа-

зылды. Бұл кітапта әһли сүннеттің төрт мәзһабының

бірі – Әбу Ханифа мәзһабы бағыты қамтылды. Өйткені,

Қазақстанды мекендейтін жалпы мұсылман халқы

Имам Ағзам қауымына жатады. Задында, «мәзһаб»

– жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді.

Шариғатта – арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран

мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар

жиынтығы. Шариғат үкімдерінің қайнар көзі болып