9
Ислам ғылымхалы
басқа мәзһабтарда жолаушылықта екі намазды қосып оқу
бар. Сол себепті, жолаушылықта ханафи адам шафиғи
мәзһабы бойынша зәру жағдайларда екі намазды қосып
оқып жатса, рақымдылық әрі жеңілдік емес пе?!
Біз бұл кітапта ғибадаттың тазалық, намаз, ораза,
зекет, қажылық, т.б. секілді негізгі мәселелеріне кеңінен
тоқталдық. Осы жағынан алғанда, қазақша жазылған
алғашқы кітап. Бұл еңбек Имам Ағзам мәзһабын негізге
ала отырып жазылғандықтан, сол мәзһабтан Ибн Абидин,
Касани секілді т.б негізгі қайнар көздерді пайдаландық.
Бір мәселені қозғағанда, әуелі аят пен хадистерден мысал
бердік. Дәлел ретінде берілген салмақты хадистерді
неғұрлым Бухари мен Муслимнен көбірек алуға ат
салыстық. Оқырманды жалықтырмау мақсатымен, екі
тақырып арасында ғибадаттың хикметтерін, ғибратты
әңгімелер жаздық. Ғибадат еткенде пайдаланатын
дұғалардың арабша мәтінін әрі транскрипциясы мен
аудармасын бердік. Кітаптағы барлық терминдердің
неғұрлым қазақша баламасын ұсынып, қосымша
арнайы тақырыпшада топтастырдық. Кітапты ғылыми
еңбек дей тұрғанмен жалқыға да, жалпыға да ұғынықты
болсын деген мақсатпен таразының екі басын тең ұстап,
қарапайым тілмен жазуға тырыстық. Кітап халқымыздың
рухани дүниесін байытуға қарлығаштың тұмсығымен
ілген бір тамшы судай да болса үлесін қосып жатса,
мақсатымыз орындалып, көңіл күзіміз көгілдір көктемге
айналар еді.
Мұхитдин Исаұлы
Қайрат Жолдыбайұлы