15
Ислам ғылымхалы
мақсаты – Аллаһ Тағаланың күллі сипаттарын танып,
оны әлемге паш ету. Бұл екеуі ғибадатты құрайды.
Адамзат Аллаһ Тағалаға неліктен ғибадат жасайды?
Біріншіден, Ұлы Аллаһ «ғибадат ет» деп әмір еткені
үшін. Екіншіден, Оның ризалығын алу үшін. Үшіншіден,
жоғарыда айтылғандай, адам рухының азығы – Аллаһ
Тағалаға ғибадат ету. Әрине, Аллаһ ғибадатқа мұқтаж
емес. Керісінше, біз мұқтажбыз. Оған құлшылық еткен-
де ғана адамның жан-сарайы жай тауып, рухы көгілдір
көктемге айналады.
Адам дінсіз өмір сүре алмайды. Сол діннің қайнар
көзі – илаһи болуы ләзім. Шынайы дін ғана адамды
нұрға бөлейді. Жалған дін жүректі қараңғылықтың қара
шәлісімен тұншықтырады.
Сөз түйіні, нағыз дін – ақыл иелерін өз еріктері-
мен ізгілік пен туралыққа жеткізетін иләһи заңдар
жиынтығы.
***