Previous Page  21 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 520 Next Page
Page Background

21

Ислам ғылымхалы

Бірақ небір қиын сұрақтарға тап болып, жауап беруім

қиынға түсті. Сонда ұстазым Хаммадтың қасынан

өле-өлгенше кетпеуге ант еттім. Он сегіз жыл оның

шәкірті болдым».

Имам Ағзам ұстазы қайтыс болғанда, қырық жаста

еді. Осы уақыттан бастап ол дәріс беруді қолға алған.

Кейде Мекке мен Мәдина қаласына да зияратқа баратын.

Екі қалада да табииндер (сахабаларды көргендер) көп еді.

Сол жерде олар хадис тыңдап, фиқһ жайлы пікірлесіп

әрі үлкен ғұлама кісілерден дәріс алды.

ИмамАғзамныңата-бабаларысаудагерболғандықтан

ол дәулеті мол отбасында өсті. Тарих қойнауына көз

тастасақ, ата-бабалары жүн, жібек, мата саудасымен

айналысқан. Әбу Ханифа жастайынан ата-бабасынан

қалған осы істі жалғастырды. Кейіннен Шағби деген кісі

ілім жолына ынталандырғаннан кейін өзін фиқһ саласы-

на толықтай берді. Бірақ бақиға аттанғанға дейін сауда

ісін тастамады. Кейбір мағлұматтарға назар аударсақ,

оның саудада серіктесі бар-тын. Имам Ағзамның фиқһ

пен хадис іліміне қызмет етуінде осы серіктесінің көмегі

көп тиген. Ғылым мен сауданы бірге алып жүру оңайға

соқпайды. Негізінде ілім мен сауданы қатар алып жүрген

ғалымдардың жағдайы қашан да осылай болған.

Ол аса жомарт, кеңпейіл кісі еді. Көпшілік оның

сауда-саттықтағы сипатын көбіне Хазіреті Әбу Бәкірге

қатты ұқсататын. Саудада ол әрқашан адалдық пен

сенімділіктен таймады.

Бірде оған бір әйел сатуға жібек киім әкелді.

Әбу Ханифа бағасын сұрады. Әйел оның жүз дирхам

тұратынын айтты. Әбу Ханифаның «Жоқ, бұл одан

қымбат тұрады» – деген жауабына әйел: