Previous Page  26 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 520 Next Page
Page Background

26

Ислам ғылымхалы

дасына: «Мынау – Әбу Ханифа. Өте тақуа адам. Тіпті

құптан намазының дәретімен бамдат намазын оқиды

екен», – дейді. Осыны естігенде қатты таңданып, өз-өзіне

былай дейді: «Мен ондай жан емеспін. Бірақ халықтың

мен жайлы жақсы пікірлерін жоққа шығаруға қандай

ақым бар?». Осыдан кейін ол қырық жыл бойы құптан

намазының дәретімен таң намазын оқыған.

Түнімен Құран оқып, кейде бір аятты таңға дейін

қайталап жылаушы еді. Оның қатты жылағанын

көршілері де естіп, жаны ашитын.

Әбу Ханифа дәулетті адам болса да, жүрегінде еш

уақытта дүниеге деген сүйіспеншілік болмаған.

Бірде шәкірттерінің арасында отырған оны сынамақ

оймен бір адам (яһуди) келіп: «Сенің пәлен жерден

қайтып келе жатқан керуенің қарақшыларға жем болды.

Енді не істейсің?» – дейді. Әбу Ханифа аз уақыт үнсіз

отырып: «Әлхамду-лиллаһ» (Құдайғашүкір), – дейді. Әлгі

адам аздан соң қайтып оралып: «Әбу Ханифа, сүйінші!

Керуенің табылды. Қарақшылар қолға түсіпті. Малың дін

аман жолда келе жатыр», – дейді. Әбу Ханифа тағы біраз

үнсіздікке беріліп: «Әлхамду-лиллаһ», – дейді. Сонда

әлгі адам таңырқап: «Сен неге дүние-мүлкің жоғалғанда

да, табылғанда да бір сөзді қайталаумен болдың?», –

дейді. Сонда Имам Ағзам: «Керуенің жоғалды дегенде,

қиналып сыздар ма екен деп жүрегіме құлақ салдым. Түк

болмағандай жүрегімнің бір қалыпты соққанын көріп,

«Әлхамду-лиллаһ», – дедім. Кейін «Малың табылды» де-

генде қуанар ма екен деп, жүрегіме қайта құлақ салдым.

Жүрегім сол баяғыша соғып тұрды. Мен сонда жүрегімде

дүниеге деген сүйіспеншіліктің болмағанын біліп,

қатты қуанып: «Әлхамду-лиллаһ», – дедім». Құранда