28
Ислам ғылымхалы
мүмкін еместігін ескертіп, мысал ретінде кейбір
себептерін қысқаша жазуды жөн көрдік.
Құранды түсінуден туындаған
айырмашылықтар
а) Құран аяттарының астарлы мағынада яки
сөздіктегі негізгі мағынасында қолданылуына бай-
ланысты.
Мәзһабтар арасында айырмашылық туындауындағы
себептердің бірі – кейбір аяттардың астарлы мағынада
яки тілдегі негізгі мағынасында қолданылғандығына
байланысты әр түрлі көзқарастардың болуы. Мысалы,
«Маида» сүресінің алтыншы аятында былай делінеді:
«Егернауқастаныпқалсаңдар, яки сапарда болсаңдар,
не болмаса біреу түзге отырып келсе, яки әйелдеріңе
тисеңдер (жақындассаңдар), су таба алмасаңдар,
таза жерге тәйәммүм соғып, беттеріңді, қолдарыңды
сипаңдар»
.
Ханафилер бұл аяттағы тию мағынасын білдіретін
«ләмс» сөзі негізгі емес, астарлы мағынада қолданылған
деп қабылдайды. Аллаһ Тағала құлдарына әдептілікті
үйрету мақсатында жыныстық қатынасты – жақындау,
тию сөздерімен білдірген деген тұжырымға барған.
Сондықтан ханафиларда ер кісінің денесі әйел адамға
тисе дәреті бұзылмайды. Ер кісінің әйел адамға тию
арқылы дәретінің бұзылмайтынына Айша анамыздың
риуаят еткен бір хадисін дәлел ретінде алға тартады.
Бұл хадисте әйеліне қолы яки басқа бір денесі тие тұра