Previous Page  30 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 520 Next Page
Page Background

30

Ислам ғылымхалы

бастың кішкентай бөлігіне мәсіх ету, тіпті, су себу

жеткілікті. Ал Ханафиларда, кем дегенде, бастың төрттен

біріне мәсіх ету парыз болса, Малики және Ханбалиларда

басты түгел мәсіх ету парыз. Әр мәзһаб өзінің ұстанған

көзқарасын қолдап, шариғи дәлел келтіргендіктен,

бәрі дұрыс. Себебі, барлығы берген пәтуаларын аятта

қолданылған «бастарыңды» деген мағынаны білдіретін

«руусикум» сөзінің алдына қосылып жазылған «

»ب

яғни,

«б» әрпінен шығаруда. Араб тілінде «б» әрпі әр түрлі

мағынада келеді:

1. Ешқандай мағынасы жоқ, тек өзінен кейінгі сөзді

әдемілеу үшін келеді.

2. «Кейбір» мағынасын білдіреді.

3. «Тигізу, жанастыру, бітістіру» мағыналарында

келеді.

Міне, сондықтан Имам Ахмед пен Имам Малик:

бастың барлық жерін мәсіх ету керек дейді. Себебі, бұл

жердегі «б» әрпі тек қана сөзді әдемілеу үшін келген

(зайд) яғни жеке тұрғанда мағынасы жоқ артық әріп

дейді.

Ал Әбу Ханифа болса, бұл жердегі «б» әрпі «кейбір»

деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, бастың кейбір

жерін мәсх етсе жетіп жатыр дейді.

Ал имамШафиғи болса, бұл жерде «б» әрпі «тидіру,

біріктіру, жабыстыру, жанастыру» мағынасында

келгендіктен, тек қана қолдың басқа жанасуы, бірнеше

шашқа тиюі мәсіх ету болып саналады деп пәтуа

берген.

Аяттардың кейбір мәселелерді анықтап, белгілі

шектеу қоймауында көптеген хикметтер бар.