Previous Page  31 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 520 Next Page
Page Background

31

Ислам ғылымхалы

Негізгі хикметі мен себебі, – дініміздің ақыл-ойға

берген еркіндігі мен бостандығында. ҰлыЖаратушымыз

құлдарының ақыл-ойын қолдануын қалайды. Құранда

көптеген аяттарда «Ақылға салмайсыңдар ма?» делініп,

мұсылмандарды ойлануға, толғануға, ой еркіндігіне

шақырады. Міне, сондықтан ғұламалар бір аяттан ақиқат

шеңберінде көптеген үкімдер шығарып, үкімдерін хади-

стермен қуаттаған.

Хадистерге байланысты туындаған

айырмашылықтар

1. Араб тілі грамматикасының ерекшелігіне

байланысты:

Хадистердің бір мәселеде әр түрлі көзқарастарға

себеп болуы, араб тілінің өте ерекше тіл құрылымына ие

болуында. Мысалы, бір сөз араб тілінде әр түрлі қалыпта

оқылғандықтан, мағыналары да оқылған формаға сай

өзгеріп отыруына байланысты ғұламалар бір сөзден әр

түрлі үкімдер шығарған.

2. Бір мағынадағы хадистің әр түрлі сөздермен

риуаят етілуіне байланысты:

Хадистердің Пайғам-

барымыздың дәл сөзбе-сөз айтқанындай емес, мағынасы

бойынша риуаят етілу салдарынан бір хадис түрліше

сөздермен жеткізіліп, бір мәселеде әр түрлі көзқарастар

пайда болған.

3. Бір мәселеде Пайғамбарымыздың әр түрлі

хадистерінің болуы.

4. Пайғамбарымыздың іс-әрекеті мен сөздерінің

әр келкі жорамалдануы.

Мысалы, пайғамбарымыз

(с.а.у.) Ахзаб күні сахабаларына «намаздарыңды тек

Бәни құрайзаға барып оқыңдар» деді. Аср намазының