Previous Page  37 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 520 Next Page
Page Background

37

Ислам ғылымхалы

жамандықтары ақыретте сұралмайды. Ұлы Жаратушы

дінін тау мен тас, жан-жануарлар үшін түсірген жоқ.

Ол дінін ардақты етіп жаратқан адамдарына түсірді.

Бірақ ақыл-есі ауысқан немесе есінен танған адамдарға

жауапкершілік жүктемеді. Тіпті, балиғат жасына дейінгі

балаға да бұйрық міндеттелмейді. Пайғамбарына

кітап беріп, ақыл иесі адамдарға жіберді. Сондықтан,

балиғатқа толмай ерте көз жұмған балалар мен ақыл-есі

ауысқан жандар ешқандай сұраққа алынбай, Аллаһтың

рақымына бөленіп, мәңгілік бақыт бағы аталған жаннатқа

барады. Бірақ кейбір ғалымдардың бұл ғұмырда ақыл-есі

ауысқан жандарды ақыретте Аллаһ сұраққа алады деген

көзқарастары да бар. Ең дұрысын бір Аллаһ біледі.

Жауапкершіліктің ең соңғы шарты – адам балиғат

жасына толуы тиіс. Ғұламалардың басым көпшілігінің

көзқарасы бойынша, балиғат шағы қыз баланың – 9-15, ер

баланың – 12-15 жасында білінеді. Бірақ кейбір қыз бала

мен ер балада 15-ке келсе де, балиғат шағының белгілері

байқалмауы мүмкін. Мұндай жағдайда, 15-ке толған соң

балиғат жасына жетті деп есептеліп, жауапкерлік міндеті

жүктеледі.

Құлшылық Аллаһ Тағалаға емес,

өзімізге қажет

Ешқандай қайтарымын күтпестеншынайыжақсылық

істеу – адамдыққа лайық ең асыл қасиет. Алайда,

бұны түсіне бермейтіндер халдерінше жорамал жасап,

ақиқаттан алыс тұжырымдар шығарып жатады. Тіпті

кейбіреулердің: «Аллаһ Тағала өзін таныту мен сүйдіру