43
Ислам ғылымхалы
түсіру – кифая сүннетке жатады. Парыз намаздарын
жамағатпен оқу – айн сүннет болып табылады.
Сүннеттің қажеттілігі мен пайдалары
Аллаһ Құранда мұсылмандарды Елшісінің сүннетіне
ынталандырып былай дейді:
«Расында сендерге,
Аллаһтан және ақырет күнінен үміт еткендер мен
Аллаһты көп зікір еткендерге Аллаһтың Елшісінде
көркем өнегелер бар»
13
.
Басқа бір аятта:
«(Елшім!)
Оларға былай айт! Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда
маған ілесіңдер. Сонда Аллаһ та сендерді сүйіп,
күнәларыңды кешіреді. Аллаһ аса кешірімшіл және
рақымды»
14
,
– деп айтылады. Демек, Аллаһ Тағаланы
сүюдің белгісі мен өзін Ұлы Жаратушыға жақсы
көргізудің жолы – Оның Елшісінің ізімен жүру арқылы
іске асады. Өйткені, Аллаһты шын жақсы көрген адам,
әлбетте, Оның жақсы көрген және разы болған адамына
ұқсауға тырысып, барлық іс-әрекетін үлгі тұтады.
Сүннетпен жүруде мол ақыреттік сауап пен нұр
бар. Сүннеттің ең кішкене әдеп-ғұрыптарының өзі бейне
бір жал-жал толқындары таумен таласқан аласапыран
мына өмір-теңізде кеменің компасындай мұсылманға
бейбіт жол көрсетіп, діттеген жағалауына сау-саламат
шығуына арқау. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай
дейді:
«Үмбетім бұзылған заманда кімде-кім сүннетімді
ұстанса, оған жүз шейіттің сауабы бар»
. Яғни, бидғат
пен қараңғылық вирустай шартарапқа жайылып, ақырет
ұмытылып, адамдар дүниеге ұмтылғанда, кіші үлкенді,
бала ата-анасын тыңдаудан қалып, әлемде атеистік
13
Ахзап, 33/21.
14
Әли Имран, 3/31.