

47
Ислам ғылымхалы
Осындай қара түнек заманда бір мұсылманның
Пайғамбардың сүннетін жандандыруы – шексіз шөлейтке
сепкен дақылдай, жасаған ісі шейіттің ерлігіндей
бағаланбақ...
4. Мұстахап
Мұстахап – таңдаулы, ең көркем амал. Діни термин-
де Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) кейде жасап, кейде жасамаған
іс-әрекеттері. Сәске намазы секілді кейбір нәпіл намаз
бен оразалар осыған жатады. Сонымен қатар таң нама-
зын айналаға жарық түскенде оқу, жаздың шілдесінде
бесін намазын салқын түскенге дейін кешіктіріп оқу,
ақшам намазын кірісімен оқу – мұстахап. Мұның үкімін
жасағанға – сауап, жасамағанға күнә жоқ. Ибн Абидин
мәндүп, мұстахап, нәпіл терминдерінің бір мағына
беретінін айтады
17
.
5. Мүбаһ
Мүбаһ – жасалуы мен жасалмауында діни жағынан
ешқандай тосқауыл болмаған, яғни жауапкердің
еркіндегі іс-әрекеттер. Мәселен, тамақ ішу, ұйықтау,
т.б. Мұндай іс-әрекеттердің орындалуына сауап та, іске
аспауында күнә да жоқ. Бірақ бұл іс-әрекеттерді жасаған
кезде сүннет ниетімен жасайтын болса, сауап алады.
Мысалы, бір мұсылман киім киерде, Пайғамбарымыз
оң жағынан киінгендіктен, осылай киемін деген ниетпен
яки Пайғамбарым оң жағымен құбылаға қарап ұйықтаған
деген ниетпен жасаса, сауап алады.
Заттың негізгі сипаты – мүбаһ пен халал. Мүбаһ
заттың адалдық сипатын жоққа шығару үшін, оның мүбаһ
17
Ибн Абидин. Рәдду´л-Мухтар. Египет. т. 1, 115.