48
Ислам ғылымхалы
еместігін негіздейтін шариғаттан арнайы дәлел керек.
Мүбаһтығын жоққа шығаратын дәлел табылғанша, зат
өзіне тиіс мүбаһтың сипатын сақтап қалады.
6. Харам
Харам – жасалуы мен пайдалануы Исламдық
тұрғыдан қатаң тыйым салынған нәрселер. Ішімдік ішу,
құмар ойындар ойнау, зина жасау, адам өлтіру, ғайбаттау,
жала жабу, т.б. іс-әрекеттер осыған жатады. Харам
етілген зат немесе іс-әрекет өзінің затына тән, жамандық
пен ластық себебімен харам етілсе, бұл
«тікелей харам»
(харам ли-а’йниһи)
деп аталады. Мысалы, доңыз еті мен
арақ осыған жатады. Өз негізі мен сипаты үшін емес,
сырттағы себептер арқылы харам болғанға
«жанама
харам» (харам ли-ғайриһи)
делінеді. Мысалы, кез-келген
адал мал ұрланған жағдайда харам болады.
Харамның үкіміне келсек, жасамағаны үшін үлкен
сауап алады. Адамды тақуалық мәртебеге шығарады.
Жасалған жағдайда, күнәға батып, жүректер қарайып,
иман әлсірейді. Адамның қашан да көңілі қашып,
ғибадаттардан ешқандай нәр мен ләззат алмайды,
күні ертең махшар әлемінде үлкен азап шегеді. Бірақ
адам құрани және сүннеттік дәлелдермен харамдығы
айқындалған затты «халал», «адал» деп қабыл етсе,
иманы көзден бұл-бұл ұшады. Мысалы, бір адам ішімдік
ішсе, үлкен күнәға кіреді. Егер ішімдікті «адал» десе,
өмірінде ішімдік ішпесе де, діннен шығады. Бұл жерде
Ұлы Жаратушының қойған үкімін өзгерту мәселесі бар.
Құдай сақтасын, бейне бір «Ол білмейді, мен білемін» де-
гендей. Сондықтан мұндай іс-әрекет «шірк, күпір» болып
табылады. Ал ішімдік ішсе де, оның харам екенін мой-