Previous Page  50 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 520 Next Page
Page Background

50

Ислам ғылымхалы

адам мен қарсы шықпай оқымаған адамның да аражігі

осылай...

Харамнан сақтанғанды Аллаһ та сақтайды

Тимур әулетінің басшыларынанШахырух (779-850)

тұсында харам нәрселерден бойын аулақ салып, алыс

жүруімен танылған Нығметуллаһ деген өте діндар бір

кісі болыпты. Төмендегі жайт сол кісінің осы мәселе

төңірегіндегі зеректігін көрсетпек. Шахырух бір күні

құзырына сәлем бере келген Нығметуллаһқа тиісе:

«Естуімше, жіберілген сый-сияпаттан тартынбай жей

беретін көрінесің. Сый-сияпаттың арасында харам

жолмен келу ықтималының бар екендігін осы уақытқа

дейін білмегенің бе? Білсең соны ескермей қалай жей

бересің?» – деп сұрақ қойыпты.

Нығметуллаһ бұған:

«Бізге харам жағы емес, адал жағы ғана бұйырады.

Құл харам жемесем екен деп барынша тырысса, Аллаһ

та оған харам нәрсе жегізбейді. Мендегі сыр – осы», –

деп жауап беріпті.

Бұны естіген патша сөзін дәлелдемек болып, қала

шетіндежалғыз қозысынбағыпжүргенәйелдіңқолындағы

қозысын тартып алдыртады. Қозы бірден сойылып, еті

қазанға салынып, харам жемейтін Нығметуллаһты әдейі

қонаққа шақыртады.

Ол кісі де «шақырғаннан қалма» демекші, бірден-ақ

келісімін береді. Хан сарайындағылар енді қайтер екен

дегендей нәтижені тыпырши күтеді.