Previous Page  52 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 52 / 520 Next Page
Page Background

52

Ислам ғылымхалы

7. Мәкрүһ

Мәкрүһ – сөздікте жағымсыз, ұнамсыз, жек көрілген

нәрсе деген мағынаны білдіреді. Діни терминге салсақ,

дін тұрғысынан ұнамсыз, жаман іс-әрекет. Дәрет пен

ғұсыл алғанда суды ысырап ету секілді іс-әрекеттер осы

мәкрүһке жатады.

Мәкрүһ екіге бөлінеді:

Харамға жақын мәкрүһ (Тахримән мәкрүһ). Дәрет

алғанда суды ысырап ету, т.б.

Халалға жақын мәкрүһ (Тәнзиһән мәкрүһ). Мұрынды

оң қолмен шаю, т.б. Мәкрүһтің үкіміне келсек, мәкрүһті

істемеген жағдайда – сауап. Мәкрүһтің ішінде харамға

жақын мәкрүһті жасаған адам ақыретте азапқа ұшырауы

ықтимал. Бұл –ИмамАғзамменӘбуЮсуптың көзқарасы.

Имам Мұхаммед: «Харамға жақын мәкрүһ дәл харам

секілді қабыл етіліп, ақыретте азапқа лайық», – дейді.

Халалға жақын мәкрүһке келсек, жасалуында

ақыретте азап жоқ. Бірақ жасамаса – сауап. Мәкрүһті

халал санау – қателік. Бірақ адам діннен шықпайды.

8. Мүпсит

Мүпсит – басталған ғибадатты бұзатын нәрсе.

Мүпситтің әдейі жасалуы күнә тудырады. Қателесіп

жасаса, күнә мен азап жоқ. Намазда өз-өзін ұстай алмай

күлу секілді іс-әрекеттер осыған жатады.