Previous Page  51 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 520 Next Page
Page Background

51

Ислам ғылымхалы

Әне-міне дегенше, табақ-табақ ет те тартылып,

Нығметуллаһ та, уәзірлер де аса бір тәбетпен алдарындағы

асты жеп бітіреді. Нығметуллаһ болса, арасында Аллаһ

Тағаланың бұндай бергеніне жиі-жиі шүкір етіп отыра-

ды.

Әбден болды-ау деген кезде Шахырух жымиып:

– Оу, сіз «Харамнан қашатын құлдарын Аллаһ

қорғайды, тіпті харамнан жегізбейді» деген едіңіз. Жаңа

ғана сіз жеген ет бір әйелден күштеп тартып алынған

харам малдың еті болатын. Аллаһ сені сақтамағаны ма,

бұған не дейсің? – депті мысқылдай.

Нығметуллаһ әуелгі қалпын бұзбастан:

– Менің жегенім адал екеніне күмәніңіз болмасын.

Ал, сіздердің жегендеріңіз анық харам. Сенбесеңіздер,

малынан айрылған әлгі әйелді шақырып сұраңдар, –

депті.

Шахырух адамдарын дереу жібертіп, әлгі әйелді

алдыртып, жайып жүрген қозысының мән-жайын

сұрағанда, ол ештеңе түсінбестен:

– Осы жақта Нығметуллаһ деген құдайға қараған,

тақуа, діндар адам жайлы көп естіп, қозымды сол кісіге

апарып, игі батасын алмақшы едім. Соған апара жатқам.

Сіздер болса, менен оны тартып алып, сол кісіге тиесілі

үлесті жеп қойдыңыздар, харам жедіңіздер, – депті.

Харамнан қолынан келгенше сақтанғанды Аллаһ

та сақтайтынын осылайша дәлелдеген Нығметуллаһ

кейіннен Кирманда дүниеден өтті. (Аллаһ одан разы

болсын).

* * *