56
Ислам ғылымхалы
2. Өзін ғайбат, харам жеу, қиянат жасау, т.б.
күнәлардан тазалау. Бұл тақуа жандардың иманын арт-
тыру арқылы тазалану түрі.
3. Жүректің қызғаныш, өркөкіректік, рияшылдық,
дұшпандық секілді жаман аурулардан тазалануы.
Олардың орнын кішіпейілділік, тәубе, сабыр, үміт,
сүйіспеншілік секілді көркем сипаттармен толтыру. Бұл
– тақуа жандардың иман мәртебесі.
4. Жүректің Аллаһтан басқа өзге барлық нәрседен
тазалануы. «Ләә иләһә иллалаһ» (Аллаһтан басқа құдай
жоқ) тәухид сөзінің жүректен толық орын алуы
23
.
Тазалау жолдары
1. Су арқылы тазалау. Су – негізгі тазартушы.
Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:
«Және сендерді
тазарту, өздеріңді шайтанның ластығынан арылту,
жүректеріңді орнықтырып, табандарыңды бекіту
үшін төбелеріңе көктен жаңбыр жаудыруда еді»
24
,
«Біз көктен таза жаңбыр жаудырдық»
25
. Тазалық үшін
қолданылатын су: қар, бұршақ, жауын, құдық, теңіз, өзен,
бұлақ, көл, сел сулары. Судың үш сипаты бар: реңі, исі,
дәмі. Реңі өзгермеген, исі шықпаған, дәмі бұзылмаған
су – таза.
2. Сұйық заттар: гүл суы, лимон, анар секілді жеміс
суларымен киім және денедегі ластықтарды тазартуға
болады. Бірақ дәрет, ғұсыл алынбайды. Ерітілген май,
бал, сүт, ет суы, т.б. сұйық заттармен дәрет те, тазалық та
23
Хамди Дөндерен. Делиллериле Ислам Илмихали. Станбул.
1991. 130-136.
24
Әнфал, 8/11.
25
Фұрқан, 25/48.