Previous Page  61 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 520 Next Page
Page Background

61

Тазалық

Ғұсыл алынатын жағдайлар

1. Жүнүп болу: Жыныстық қатынас, ихтилам*

немесе соған ұқсас жағдайлар арқылы мәнидің сыртқа

шығуы. Есінен танған, мастығынан айыққан, ұйқысынан

тұрған адам бойынан бөлінген ылғал бір нәрсе көрсе,

ғұсыл алғаны абзал.

Ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынаста

мәни шықпаса да ғұсыл қажет. Пайғамбарымыз осылай

ескерткен

37

. Аллаһ Елшісі былай дейді:

«Мәзиде – дәрет,

мәниде – ғұсыл бар»

. Яғни, құмарлық сезімсіз ақса да

ғұсыл қажет. Әбу Ханифа мен Имам Мұхаммедтің

көзқарасы осындай.

2. Хайыз және нифас: Әйел затының хайыз бен

нифас кезеңі аяқталғанда ғұсыл алуы – парыз. Құранда

былай дейді:

«(Мұхаммед) олар сенен етеккір жай-

ында сұрайды. Оларға: Ол жиіркенішті нәрсе,

етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға

тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан толық та-

зарса, Аллаһтың өздеріңе бұйырған жерінен оларға

жақындасыңдар де»

38

. Пайғамбарымыз Әбу Хубайш

қызы Фатимаға былай дейді:

«Хайыз қаны аққанда намаз

оқуды доғар. Тоқтағанда ғұсыл алып оқы»

.

3. Мәйітке (өлікке ғұсыл): Яғни, шейіттен басқа

барлық мәйітке ғұсыл құю – мұсылмандарға кифая

парыз.

4. Жаңа мұсылман болған адамға ғұсыл алу –

парыз. Қайс ибн Асым мұсылман болуға келгенде,

Пайғамбарымыз оған ғұсыл алуды әмір етеді

39

.

37

Әбу Дәәуд, Таһарат; 83.

38

Бақара, 2/222

39

Әбу Дәәуд, Таһарат; 129; Сунән, Жұма; 72.